Текст
Ұйымдар тізімі
29.12.2025
Бүгін мектепалды топ тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс өзекті әрі заманауи тақырыпқа арналды — «ЖИ (жасанды интеллект) тәрбиешіге сабақты дайындауда қалай көмектеседі».
Отырыс барысында қатысушылар ЖИ-ді тәрбиешіге сабаққа дайындалу кезінде тиімді көмекші құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Заманауи цифрлық технологиялар білім беру қызметін жоспарлау үдерісін едәуір жеңілдететіні, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретіні және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыратыны атап өтілді.
