Текст
Ұйымдар тізімі
23.12.2025
Ересек «Інжу» тобында ертегіге толы жаңа жылдық мереке өтті.
Сюжет бойынша Тентек Гном шыршаның шамдарын алып, сиқырлы шамды жасырып қояды. Алайда балалар қорықпай, мерекені құтқару үшін жолға шығады!
Балаларға Ақшақар мен сиқырлы Жұлдызша көмекке келеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге ән айтып, би билеп, көңілді ойындарға қатысып, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады.
Ертеңгіліктің ең қуанышты сәті – Олафтың келуі болды. Ол Тентек Гном жасырып қойған сыйлықтарды тауып, балаларға әкелді.
Нәтижесінде шырша қайтадан жарқырап, шамдары жанып, мереке қуанышқа, күлкіге және нағыз жаңа жылдық ғажайыпқа толы болды.
