Текст
Ортаңғы «Әлди» тобында көптен күткен Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
23.12.2025
Балалар ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, ән айтып, тақпақтар оқып, көңілді ойындарға қатысып, хоровод биледі.
Мереке шаттыққа, күлкіге және нағыз жаңа жылдық сиқырға толы болды.🎊🎉Балалар өз өнерлерін қуана көрсетіп, ертеңгіліктің соңында Аяз атадан сыйлықтар алды.🎄
Ертеңгіліктің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 147