"Бүгін біздің бөбекжайда "

28.11.2025 Бүгін біздің бөбекжайда "Әлем баршаға ортақ" атты психология апталығы өз мәресіне жетті. Апталық барысында педагогтар, балалар және ата - аналар психологиялық ахуалды нығайтуға, бір - біріне қолдау көрсетуге және өзара түсіністікті арттыруға бағытталған түрлі - іс шараларға белсене қатысты. Шара барысында балалар үшін ойындар, тренингтер, шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылып, олардың өзін - өзі тануға, сезімдерін білдіруге, достық қатынасты нығайтуға мүмкіндік туды. Психология апталығы қатысушыларға тек пайдалы ақпарат қана емес, жылы қарым- қатынас , көтеріңкі көңіл- күй және жағымды әсер сыйлады. Біз әр күннің басты құндылығын - мейрімділік, сыйластық, қолдау мен түсіністікті сезіне білдік. Апта соңында апталыққа белсенді атсалысқан қатысушыларға алғыс айтылып, марапатталды. Психологиялық қолдау - әр күніміздің ажырамас бөлігіне айналсын!
Просмотров: 303


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст