«Әлди» ортаңғы тобында «Бауырсақ» тақырыбында аппликация сабағы өткізілді.

29.10.2025

Ұйымдастырылған іс әрекет мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын және қиялын дамыту.
Балалар үлкен қызығушылықпен орыс халық ертегісі «Бауырсақ» еске түсіріп, кейіпкерлері мен оқиғасын талқылады. Содан кейін тәрбиешінің көмегімен шығармашылық жұмысқа кірісіп, түрлі-түсті қағаздың қиынды бөліктерінен Бауырсақ бейнесін жапсырды.
Балалар ұқыпты түрде желім жағып, түстерді үйлестіріп, бөлшектерді параққа орналастырды. Жұмыс барысында олардың зейіні, ұқыптылығы және қимыл-қозғалыс үйлесімділігі дамыды.Тәрбиеші:Жусупбекова С.М.

Просмотров: 230

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст