«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұлдыздың мектепалды тобында осы оқу жылындағы алғашқы ата-аналар жиналысы "Біз де бала болғанбыз" тақырыбында өтті.

10.10.2025 Барлығы "Қолшатырдың астында" ойын-жаттығуынан басталды, онда ата-аналар әріп жазылған тамшыны қиып алып, өз баласының қасиеттерін атады. Одан кейін балалардың оқу іс-әрекеті барысында қалай білім алатыны туралы әңгіме жүргізілді. Ата-аналардың өздеріне де кейбір сабақтардың фрагменттеріне қатысу ұсынылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сазанова Балым Серікқызы ата-аналарға слайд-презентация арқылы шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар берілген сөздерді қазақ тіліне қызығушылықпен аударды. Содан кейін тәрбиешімен бірге мнемокесте арқылы күз туралы өлең жатталды. Үшінші тапсырма ретінде "Сауат ашу" пәні бойынша сөзге дыбыстық талдау жасалды. Барлық үдеріс қызықты да танымды өтті. Жиналыс соңында кейбір мәселелер шешіліп, ұсыныстар берілді. Дауыс беру нәтижесінде ата-аналар комитеті сайланды
Просмотров: 82


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст