Бұл мерекелік шарада бөбекжай педагогтары белсенділік танытып, ұлттық рух пен мәдениетті ұлықтады.
Шара барысында педагогтар «Атамекен» әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ән туған жерге деген махаббат пен патриоттық сезімді оятып, жүректерге рух берді.
Сонымен қатар, фестиваль аясында педагогтар арасында «Ханталапай» ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды.
Жарысты «Алтын асық» үйірмесінің жетекшісі – Нағашыбаев Нұрболат Ерболатұлы жүргізіп, қатысушыларға асық ойыны туралы кеңінен мәлімет беріп, ойынның шарттарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Асық ату – балалар мен ересектерге арналған ұлттық ойын. Бұл ойын ептілік пен дәлдікті дамытады.
Нағашыбаев Нұрболат Ерболатұлы – бірнеше жылдан бері балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, асық атуды насихаттап келе жатқан тәжірибелі ұстаз.
Педагогтар ұлттық ойындар арқылы қазақтың бай мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие берудің жарқын үлгісін көрсетті.
Ұлттық құндылық – ұлттың тамыры. Осындай шаралар арқылы дәстүрімізді ұлықтап, тарихымызды тірілтеміз.
Фестиваль достық, рухани байлық пен ұлттық мақтаныш рухында өтті. Қатысушылар мен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған бұл шараның мәні терең, мағынасы зор болды.