Текст
Мерекелік залда әдемі, сәнді киінген, есейіп қалған тәрбиеленушілерді қарсы алды.
Балаларды құттықтау сөзімен меңгеруші Жанаргүл Еркенқызы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында табысты бастау, қызықты жаңалықтар мен шығармашылық жетістіктер тіледі.
Мерекелік көңіл-күйді ертегілік кейіпкерлер — Қыз бала мен Нехочуха көтерді. Олармен бірге балалар ойындар ойнап, көңілді әндер айтып, биледі.
Мерекенің шарықтау шегі жаңа оқу жылының басталуын айқындаған алғашқы қоңырау болды.