«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін біздің «Алтын бесік» бөбекжайымызда жаңа оқу жылына арналған ең маңызды міндеттерді талқылаған педагогикалық кеңес өтті.

28.08.2025

Педегогикалық кеңес Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тамыз конференциясындағы баяндамасын тыңдаудан басталды. Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері айтылды. Бұл бүкіл педкеңеске – маңызды әрі нәтижелі жұмысқа бағыт берді.

Әріптестерге жылы лебізін білдіріп, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Толгамбаева Ж.Е. есеп жасады.
Сахнова Н.А. мен Сазанова Б.С. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025–2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатын таныстырды.
Саттарова А.А. «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу тәжірибесі мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.
Ал соңында Куракбаева Г.А. академиялық адалдық қағидалары, педагог мәртебесінің маңызы және үздіксіз кәсіби өсу туралы айтты.

Әрбір баяндама ортақ іске қосылған маңызды үлес болды.
Біз педагогтардың бірлескен еңбегі мен ата-аналардың қолдауы арқылы жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін балалар үшін одан да қызықты, заманауи және пайдалы ете алатынымызға сенімдіміз.

✨ Әріптестерге белсенділігі үшін, идеялары мен алға ұмтылған ниеттері үшін алғыс айтамыз!

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст