Текст
Экскурсияның негізгі мәні – балалардың айналадағы өмір туралы нақты түсініктері мен әсерлерін қалыптастыруға мүмкіндік беруінде.
Бұл – балаларды кәсіптермен, қоршаған ортамен басқа жағдайда таныстырудың, жаңа да әсерлі тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. Ересек «Болашақ» тобының балалары экскурсия жасап, «Магнит» мини-маркетіне барды. Олар тауардың дүкенге қалай жеткізілетінін, кімнің оны сататынын, дүкендегі тәртіпті кім қадағалайтынын қызыға білді. Дүкенге барған кезде балалар әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіптері және олардың еңбегінің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ пайдалы және зиянды өнімдер туралы білімдерін бекітті.