Текст
Бүгін «Күн сәулелері» тобының тәрбиеленушілері керемет көңілді спорттық ойын-сауық өткізді! Қонаққа спортты ұнатпайтын, оның пайдасына сенбейтін Сайқымазақ келіп, балалармен бірге жаттығу жасап, ойын ойнады. Бірақ балалардың белсенділігі мен қуанышына қарап, ол да спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін түсінді! Балалар: «Кім жылдам?» «Күн сәулесін қу» сияқты қызықты ойындарға қатысып, ептілік пен шыдамдылықтарын сынады