Текст
Ортаңғы «Ақ бота» тобының тыныс алу жаттығулары. Балалардың денсаулығын нығайту, тыныс алу мүшелерін дамыту мақсатында ортаңғы «Ақ бота» тобында күнделікті тыныс алу жаттығулары өткізіледі. Жаттығулар көңілді ойын элементтерімен бірге жүргізіледі. Балалар «Допты үрле» ойын-жаттығулар арқылы дұрыс және терең тыныс алуға үйренеді. Бұл жаттығулар балалардың өкпе жұмысын жақсартып, иммундық жүйесін нығайтады, тыныс алу ритмін реттейді.
Тыныс алу жаттығулары балалардың көңіл-күйін көтеріп, сергек жүруіне оң әсер етеді.