Текст
Жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес, “Жұлдыз” мектепалды тобының балалары азық-түлік дүкеніне экскурсияға барды. Экскурсия басталмас бұрын біз қоғамдық орындарда және жолда өзін ұстау ережелерін еске түсірдік.
Дүкенде балалар әртүрлі бөлімдерге кіріп, сатушылармен амандасып, сұрақтар қойды. Кейін кезекке тұрып, өз ақшаларын пайдаланып, өздеріне қажетті заттарды сатып алды. Дүкен сатушылары балалардың сыпайылығын, өзін дұрыс ұстай білуін мақтап, оларды тағы да қонаққа шақырды.
Экскурсиядан кейін біз алаңда шағын пикник ұйымдастырып, әр бала өз сатып алған тағамын қуана-қуана жеп алды.