Текст
Бүгін ересек «Болашақ» топ балалар ғажайыптар жасады, жазғы үйшікті нағыз шығармашылық орталыққа айналды! Балалар таза ауада отырып, түрлі суреттер салып, қызықты аппликациялар жасады. Әр бала өзінің қиялын қағаз бетіне түсіріп, түрлі-түсті материалдармен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Табиғат аясындағы шығармашылық – балаларға шабыт сыйлап, оларға өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл күн олардың есте қаларлық, қуанышты сәттерінің бірі болды.