Бүгін біз үшін қуаныш пен қимастыққа толы ерекше күн болды. Қарлығаш тобының бүлдіршіндері балабақшамен қоштасып, жаңа өмірге алғашқы қадамдарын жасады.
Бұл кеш — тек бір оқу жылының аяқталуы емес, балалық шақтың бір белесін артқа тастап, үлкен өмірге жасалған алғашқы қадам!
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жүрек тебірентер өлеңдерін оқыды. Әрбір сәт – естен кетпейтін естелікке айналды.
Ата-аналардың қуаныш пен толқынысқа толы жанары, тәрбиешілердің ыстық лебізі мен мейірімі – барлығы осы кештің шынайы маңызын арттыра түсті.
Қарлығаш тобы – тек білім ордасы емес, достықтың, жылулықтың, мейірім мен махаббаттың ұясы болды. Бұл жерде балдырғандар тек әріп пен сан үйреніп қана қоймай, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуды меңгерді.
Біз сендермен мақтанамыз, сүйкімді балақайлар! Алда жарқын болашақ, ашық аспан, биік армандар мен толағай табыстар күтсін!