Кеңесте жыл бойы атқарылған жұмыс сараланып, алдағы жазғы кезеңге арналған жоспарлар қаралды.
Кеңесті бөбекжай меңгерушісі Ж.Е. Толғамбаева ашып, 2025–2026 оқу жылындағы педагогтердің аттестациясына қатысты негізгі мәліметтермен таныстырды.
Педагогикалық әдеп мәселелері бойынша төрайымы И.В. Иванова сөз сөйлеп,педагогтің кәсіби әдеп нормаларын сақтау маңыздылығын атап өтті. Әдіскерлер А.М. Байғазина мен Н.А. Сахнова педагогтерге жазғы ойын алаңдарында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.
Педагогикалық ұжым жазғы сауықтыру кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Балаларға арналған қызықты, мазмұнды ойындар мен шаралар ұйымдастыру көзделуғе жоспарланды.
Соңында меңгеруші Ж.Е. Толғамбаева 2024–2025 оқу жылының қорытындысын шығарып, ұжымның жетістіктері мен еңбегі үшін мадақтамалар мен алғыс хаттар білдірді.
Педагогикалық кеңес жылы, іскерлік атмосферада өтті. Ұжым жазғы кезеңге белсенді әрі шабытпен кіріспек.