«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелері»

30.05.2025

2025 жылғы 29 мамырда «Алтын бесік» бөбекжайында  «Жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Дәрісті Атбасар ауданы ТЖБ СПЧ-4 радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Едыгенова Зарина Болатовна жүргізді.

Кездесу барысында Зарина Болатовна педагогтар мен тәрбиеленушілерге жазғы кезеңде өрттің шығу себептері, табиғатта, тұрмыста және өрт байқалған жағдайда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы  түсінік  берді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі мен электр құралдарын, ашық отты қолданудағы сақтық шаралары жайлы кеңінен тоқталды.

Дәріс көрнекі мысалдармен, сұрақтармен және қатысушылардың белсенді диалогымен сүйемелденді. Педагогтер берілген ақпараттың тәжірибелік құндылығын ерекше атап өтті, ал балалар — түсіндірудің қолжетімділігі мен қызықтылығын жоғары бағалады.

Едыгенова З.Б.-ға кәсіби шеберлігі, ынтымақтастығы және жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст