Текст
Бүгін «Күн сәулелері» ересек тобында ерекше іс-шара өтті. «Қауіпсіз жол» атты танымдық акция барысында балалар Марс ғаламшарынан келген қонақпен кездесті! Қызықты кейіпкерге Жердегі жол жүру ережелерін түсіндіру – бүлдіршіндер үшін нағыз жауапты миссия болды.
Балалар бағдаршамның түстерін, жол белгілерінің мағынасын айтып беріп, жаяу жүргіншілер жолымен дұрыс жүруді үйретті. Балалар қауіпсіздік ережелерін қайта пысықтап қана қоймай, өзгеге көмектесу мен жауапкершілік сезімін де бойларына сіңірді.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!