«Отбасылық құндылықтар бейнесі»

23.05.2025

Халықаралық балаларды қорғау күні – 1 маусымға орай жоспарланған іс-шаралар аясында «Қазақстан балалары» тақырыбында «Отбасылық құндылықтар бейнесі» атты сурет көрмесі өткізілді.

Біздің өмірімізде отбасы – ең қымбат қазына. Біз отбасында сүюге, жақындарымызға қамқор болуға, қуаныш пен қолдауды бөлісуге үйренеміз. Сурет көрмесінде отбасының басты құндылықтары: махаббат, қамқорлық, құрмет пен сенім бейнеленген.

Отбасында біз бір-бірімізге қол ұшын беруге, тыңдауға және бөлісуге үйренеміз. Әрбір бала отбасы – оны жақсы көретін, сағынып күтетін және әрқашан қолдайтын орын екенін ұмытпауы тиіс.

Келіңіздер, отбасылық құндылықтарды қадірлейік, және отбасымызды одан әрі берік етейік!

Просмотров: 278

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст