Текст
Бүгін ересек "Күн сәулелері" тобында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді оятуға бағытталған тақырыптық іс-шара өтті.
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер айтып, ән шырқады, туған жеріміздің байлығы мен сұлулығы жайлы әңгімелесті. Мемлекеттік рәміздеріміздің маңызын түсініп, ұлттық мақтаныш сезімін бойларына сіңірді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастырады.