Текст
Бүгін топта «Көбелектер» тақырыбында жапсыру әдісі арқылы аппликация сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – балалардың майда қол моторикасын, шығармашылық ойлауын және эстетикалық талғамын дамыту.
Сабақ жылы, шығармашылық атмосферада өтті.
Барлық балалар тапсырманы сәтті орындап шықты.
Жасалған жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылып, оны ата-аналар қызығушылықпен тамашалады.
Сабақ балалардың төзімділігін, ұқыптылығын, қимыл үйлесімділігін және қиялын дамытуға ықпал етті.