27.04.2021 жылы Нұр – сұлтан қаласының педагогикалық шеберлік орталығының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру кеңістігіне 4к моделін енгізу» тақырыбына семинар өтті . Семинардың тыңдаушысы «Алтын бесік» бөбекжайының тәрбиешісі Г.В. Яльницкая болды.
Семинарға Қазақстан, Ресей, Финляндияның мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуы арқылы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 4к моделін енгізу жолдарын қарастыру болып табылды.
Семинарда мектепке дейінгі ұйымдар ішіндегі педагогтердің кәсіби дамуына заманауи тәсілдерді анықтау міндеттері шешілді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тиімді әдістерін, болашақтың негізгі құзыреттерін әзірлеу.
Сондай ақ проблемалық мәселелер мен жағдайларды шешудің практикалық әдістері, ұсыныстар, дидактикалық материалдар, ойындар ұсынылды.
Яльницкая Г.В.