Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Су асты әлеміне саяхат» тақырыбында біріктірілген оқу қызметі өтті. Оқу қызметінің мақсаты балалардың теңіз тұрғындары туралы, олардың өмір салты туралы білімдерін жинақтау және жүйелеу үшін әлеуметтік жағдай жасау болып табылды.
Біріктірілген ҰОҚ ойын түрінде өтті, су асты әлеміне саяхатқа шықты.Оқу қызметі барысында әр түрлі технологиялары мен әдістері пайдаланды. Ойын технологиясында: «Ойлан және тап», «Кім мұқият»ойындар, сауықтыру технологиясында: «Балық» саусақ гимнастикасы, «Ашық ауада толқындар жүреді» сергіту сәті, «Теңіз толқиды» ойыны, ауызша қабылдау: «Міне осындай теңіз» көркем сөзі, жұмбақтар және «Теңіз тұрғындары» тақырыбында бейне презентацияны қарау қарастырылды, Шығармашылық қызмет барысында балалар «Балық» тақырыбында жапсыру орындады.
Оқу қызметі соңында «Теңіз жағасында» рефлексиясы өткізілді.
ҰОҚ өткізудің әр түрлі әдістер барлық балаларды белсенді қатысуға. оқу қызметі барысында танымдық қызығушылық белсенділіктерін сақтауға көмектесті, Балалар өздеріне көп жаңа жаңалықтар ашты,бірақ ең бастысы,қоршаған әлемді, табиғатты қорғап,сақтау керектігін меңгерді.
Яльницкая Г.В.