«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дене жаттығулары

19.04.2021

           

  Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі – балаға қимыл негіздерін үйрету. Негізгі қимылдарға жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты қимылдар жатады. Балаларды мақсатқа бағытталған қимыл жасауға, қажет кезінде қимылды тежеу әрекеттеріне үйрету керек. Қимылдың тәрбиелік әсері де зор: ойын, гимнастикалық жаттығулар мен еңбек үстінде балалардың кеңістікті бағдарлау, шапшаңдық, дәлдік, ептілік қасиеттері, ұжымдық қарым-қатынастары тәрбиеленеді.

  Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Дене жаттығулары баланың жас ерекшелігіне сай өзгеріп күрделене түседі. Жас шамасына қарай күрделене түскен жаттығулар өз құрамына күнделікті тұрмыстан, адам еңбектерінен, әскери қимыл қозғалыстардан сонымен қатар спорт түрлерінде кездесетін қозғалыс түрлерінен алынатын жаттығуларды енгізеді. Жаттығу кезінде баланың барлық тірек-қимыл мүшелері жұмыс жасап, барлық мүшелерінің іс-қимылдары дамып, жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қызметі арта түседі.

 

Ортаңғы «Гүлдер» тобында «Секіру, доға астымен жүру» тақырыбында оқу қызметі өтті.

     Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, аяқ бұлшық еттерін дамыту, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Нагашыбаев Н.Е

Просмотров: 108


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст