Балабақшадағы ойын-бұл балалардың маңызды іс-әрекеттерінің бірі. Балалардың ойын әрекеті үшін пәндік-дамытушылық ортаны құру мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының алдында тұр. Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте тәрбиеші О .Л. Кеслер «Ойын іс-әрекеті үшін пәндік-дамытушылық ортаны құру» баяндамасымен сөз сөйледі. Тәрбиешілер Б .Т. Утегенова мен Исмағамбетова А. « Кіші, үлкен топ балаларының ойын дағдыларын дамыту» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.,
«Үлкен мектеп жасына дейінгі балаларда ойындағы қарым-қатынасты қалыптастыру. Олардың мінез-құлық саласына әсері» тақырыбында тәрбиеші А. Бердхожа баяндамасын ұсынды.
Логопед М. Э. Дюбкина Тяглая И. А. және Раисова А.Ш., педагог-психологтар «Ойын терапиясының балалардың танымдық және мінез-құлық белсенділігіне әсері» атты баяндамаларды ұсынды.
Педагогикалық кеңесте топ тәрбиешілері сюжетті-рөлдік ойындардың көрмесін ұйымдастырды.