Вербицкая Людмила Борисовна «Алтын бесік» бөбекжайында музыка жетекшісі болып жұмыс істей жүріп, мектеп жасына дейінгі балалармен өте қызықты және тартымды жұмыстар жүргізді. Онда музыка қызметтің барлық түрлері қамтылды: тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимылдар, ойындар, сахналандырулар, музыка аспаптарында ойнау, шығармашылық қабілеттері дамыды. Балалар түрлі білім, дағдыларымен икемділіктерді меңгерді. Олар есту қабілетін, ырғақ сезімін, ән айту және би билеу шеберлігін дамытып, орындаушылық мүмкіндіктерін аша түсті.
Ал Людмила Борисовнаның тікелей басшылығымен өткен тамаша мерекелер қандай керемет болды десеңізші!
Людмила Борисовна 2016 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Біз жыл сайын барлық мерекелерде Людмила Борисовнаны бөбекжайымызға құрметті қонақ ретінде шақырып тұрамыз.
Құрметті Людмила Борисовна! Көктемнің тамаша мерекесі – 8 Наурыз мерекесі қарсаңында Сізге зор денсаулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!