Еркін сюжетті -рөлді ойын мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты
іс-әрекет. Оның тартымдылығы -ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы -заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді.
Ойын - кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды -ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс.
Ортаңғы «Тәй-тәй» топ балалары сюжеттік -рөлді «Аспазшы» ойнады.
Мақсаты:
-Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
-Балалар дастарханды дұрыс,мәдениетті әзірлеуді үйрету.Үстел жаюға арналған заттардың атын атату.
-Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру:қонақтарды қарсы алу,сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы.
-Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру.Достық қарым-қатынастарын жетілдіру.