«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақтың ұлттық ойындары»

25.03.2021

   Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше.­ Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуд­а баға жетпес құрал. Себеб­і бала айналасындағы жағдайл­ардың бәрін ойын арқыл­ы қабылдайды. Сол ар­қылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді.Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы  іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын  жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.

    22  Наурыз мерекесіне орай мектепалды даярлық «Ақ бұлақ» тобымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ойын-сауық  өткізілді.

Мақсаты:

- балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық  қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік   қорларын дамыту;                                                                                                        
- ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

- ұлттық ойындарды ойнай  отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.
- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:      Нагашыбаев Н.Е.

Просмотров: 120


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст