«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының МКҚК-да «Алтын бесік « бөбекжайы

19.03.2021

  Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бойынша «Алтын бесік» бөбекжай  Наурыз мейрамын  тойлау  жоспары бойынша  келесі іс-шаралар өтуде:  Ата-аналар, әжелер, аталар, тәрбиеленушілер педагогтармен бірлесіп «Наурыз бата» челленджіне қатысты. Бұл челлендж  өскелең ұрпаққа, халық дәстүрін қалай  құрметтеуге және үлкенге ізет көрсетуге тәрбиелейді.

    «Алтын бесік» тәрбиеленушілері мен педагогтары «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық акциясына қатысты. Әр ұлттың педагогтары мен тәрбиеленушілері қазақ тілін қалай меңгергенін  көрсетті. Олар өлең жолдарын оқыды, күй ойнады, мемлекеттік тілде өздері  туралы айтты.   Әкімшіліктің бастамасымен бөбекжай   «Менің халқымның тарихы» тақырыбында челлендж өтті. Педагогтер ата-аналармен бірге осы тақырып бойынша стенд ресімдеп, халықтық қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды, қазақ халқының   әдет-ғұрыптары көрсетілді.

     Әр жас тобында дәстүрлі түрде Наурыз мейрамына арналған тақырыптық оқу қызметтері , мерекелер өтті. Балалар түрлі ұлттардың киімдерін  киіп, ән шырқап , би билеп, әр  тілдерде мәнерлеп өлең жолдарын оқыды. Бұл іс-шаралар  балаларды толерантты болуға, Қазақстан Республикасында тұратын әр  ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелейді.

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст