Кәсіподақ жетекшісі сөзсіз жарқын тұлғалардың бірі. Ұжымды айрандай ұйытып, басқара алатын, мәселерді шешуде әріптестеріне көмектесе алатын, сондай-ақ, қажетті сәттерде қол ұшын созатын көшбасшы. "Алтын бесік " бөбекжай кәсіподақ комитетінің төрағасы Кеслер Ольга Леонидовна осындай ақжарқын, белсенді тұлғалардың бірі болып табылады.
Ольга Леонидовна Целиноград облысының Атбасар ауданындағы Ново-Мариновка совхозында атақты шебер механизатор Леонид Семенович Янковскийдің және сатушы Гульфира Тазатдиновна Мұстафинаның отбасында дүниеге келген. Ольга Леонидовнаның отбасында кәсіби мамандық еңбегін құрметтеу басты мақсаттың бірі. Ольга Леонидовна әкесін мақтан тұтып, оның механизатор мамандығындағы жетістіктері мен социалистік жарыстың жеңімпазы медалі мен Құрмет Белгісі орденінің марапаттары туралы айтқанда кеудесін үлкен қуаныш кернейтіні туралы айтады.
Ольга Леонидовна Ново-Мариновка мектебін бітіргеннен кейін педклассқа оқуға түсіп, білімін Ақмола қаласындағы педагогикалық колледжінде жалғастырды. Еңбек жолын Ақмоладағы №2 "Лучик"балабақшасының тәрбиешісі болып еңбек жолын бастаған. Кейін өзінің педагогикалық қызметіне деген адалдығы, оны Атбасар қаласындағы "Ақ бота" жеке меншік балабақшасында жұмыс қызметін жалғастырған. Қазіргі таңда "Болашақ" мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып қызметін жалғастырып, оны кәсіподақ ұйымының төрағасы лауазымынмен ұштастырып келеді. Барлық балабақша қызметкерлерінің туған күндерін еске алып, құттықтау шараларын жүргізумен қатар, әр мерекелерде еңбек ардагерлері құттықтау жұмысын ұйымдастырып, қызметкерлерді ерекше мерекелер болған сайын лотерея өткізіп, олардың көңілін көтеру жолдарын табуып, әр жаңа жыл мерекесі сайын кәсіподақ атынан Аяз ата сыйлықтарын да қызық қылып тарату жолдарын ұймдастырып келеді.
Ольга Леонидовна әрдайым әріптестеріне кәсіподақ жеңілдіктерімен санаторийлік жолдамалары туралы хабарлама жасап тұрады. Ол әрқашан оқиғаларға ортақтаса біледі! Қызметкерлер үшін қиын сәттерде: науқастанған немесе туыстарынан айырылған кезде біздің кәсіподақ әрдайым көмек ұшын беруден тайынбаған.
Бөбекжай ұжымы Кеслер Ольга Леонидовнаға адал еңбегі үшін алғыс білдіреді және оған зор денсаулық, кәсіподақ қызметіне табыс тілейді! Кәсіподақпен біз - күшпіз!