«Кез - келген қоғамның ең қымбат капиталы-балалық шақ.
Оның болашағы елдің болашағын анықтайды»
А. Аймағамбетов
15-19 наурыз аралығында «Алтын бесік» бөбекжайда мектепке дейінгі қызметкерлер онкүндігі өтті.Онкүндік аясында бөбекжайда бір қатар іс-шаралар өтті.
Бөбекжай педагогтары «Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің» жоспарына сәйкес ZOOM онлайн платформасының көмегімен онкүндіктің ашылуын ұйымдастырды. Бөбекжай балаларының би тобы мектепке дейінгі қызметкерлердің онкүндігін «Радуга» биімен ашты.Бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері аудан онкүндігіне қатысушыларды қарсы алып, авторлық бағдарламаларды, заманауи технологияларды бейнеролик көрсету арқылы көрсетті.
ZOOM платформасы бойынша ашық оқу қызметін ересек топ тәрбиешісі Иванова Ирина «Бес кілт» тақырыбында математика негіздері бойынша мастер-класс өткізді, онда ол В.В. Воскобовичтің технологиясын қолданды. Сондай-ақ тәрбиешілер Светлана Дубовик, Индира Каримова,Күләш Бөкенесова, Бибігүл Өтегенова,Мөлдір Оразбаева,Айнагүл Нұртазина, ағылшын мұғалімі Бибігүл Рахымжанова өз шеберліктерін көрсетті.
Онкүндіктің ашылуын музыкалық жетекшілер Н.А.Токарева, А. Ю. Гончарова, педагог-ұйымдастырушы А. А. Корнилова дайындады, іс-шараның і Б. С. Сазанова, Б. А. Рахимжанова.,Токарева Н.А жүргізді.
Онкүндік қорытындысы «Наурыз келсе, құт келді ,халайық»тақырыбы бойынша «Ақ бұлақ»мектепалды даярлық тобында мереке болды.
«Алтын бесік» бөбекжайының педагогтары білім беру үдерісінде заманауи технологияларды меңгеріп өз шеберліктерін көрсетті .
Әдіскер Байгазина А.М.