«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вербицкая Людмила Борисовна

02.03.2021

 " Балалық шағың  қалай өтсе, баланы балалық шағында кім тәрбиелесе, оның ақыл - ойы мен жүрегіне деген із қалдырып, адал махаббатынмен бөлесең – осымен ғана оның бойына қандай құндылық сіңіре білгеніңнің  дәрежесіне байланысты", - деді Василий Александрович Сухомлинский. Кәсіби қызметтегі өмірін балалармен, мектеп жасына дейінгі балалармен байланыстырған ұстаздың бірі  Вербицкая Людмила Борисовна.

   Людмила Борисовна ұстаздар отбасында: Степанова Б.А. және Бобкова Н. Г. тәрбиеленді. Людмила Борисовнаның анасы балалар үйінің директоры болып жұмыс істеді. Кішкентай Люда тәрбиешілерге балалар үйінде тұратын сәбилерге қамқорлық жасауға көмектесті. Сол сәттен бастап Людмила Борисовна мектеп жасына дейінгі ұстаз  боламын деп  шешті.

   Өз қыздарын мақтан тұтатын ата-анасы, ұстаз боламын деген шешімін қолдап, қамқорлық көрсетуден аянбады. Мектепте 10-сыныпта оқып жүрген кезінде оқушыларға сатушы, тігінші, аспаз және тәрбиеші мамандығын таңдау ұсынылды. Людмила ойланбастан балабақша тәрбиешісі мамандығын таңдады және 1966 жылы №3 орта мектепті бітіргеннен кейін №9 "Тополек" балабақшасында ортаңғы топ тәрбиешісі болып жұмыс істеуге кетті. Практикалық жұмыс тәжірибесін алып, Людмила Магнитогорск педагогикалық институтының "Педагогика және психология (мектепке дейінгі)" факультетіне оқуға түсті, оны бітіргеннен кейін 1972 жылы Атбасарға оралды. Еңбек жолын қалалық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер болып бастап, №9 "Тополек"балабақшасында балабақша әдіскері қызметін қоса атқарды.

   Студент бола жүріп музыкалық тәрбиеге өте көп көңіл бөлетін. Оқуды бітіргеннен кейінгі оның арманы-балаларды әсемдікке үйретіп, музыка  әлеміне балаларды ерте жастан бейімдеу болды.. Атбасар ст. №34 "Дружба" жаңа бөбекжай - бақшасы ашылған кезде музыка жетекшісі болып жұмысқа орналасты. Оның музыкалық сабақтары әрдайым айқын, әсерлі болды. Людмила Борисовна әр баланы дұрыс ән айтыт, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнауға үйрете алды. Педагог дайындаған әр мереке балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де театрландырылған қойылым болды. Осы уақытқа дейін балабақшаның көптеген түлектері Людмила Борисовнаны ұмытпай естеріне  алып, онымен өткен  керемет , әдемі сәттерді қуанышпен еске алады.

  Людмила Борисовна өзінің еңбегі үшін 1998 жылы "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі" атағын алды және төсбелгімен марапатталды.

 1997 жылы Вербицкая Людмила Борисовна №34 "Дружба"балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Қайта құру жылдары Кеңес Одағында өмір сүрген әр адамның өміріне түзетулер енгізді. Людмила Борисовнаның өмірінде де өзгерістер болды. Балабақша жабылғаннан кейін Людмила Борисовна №146 орта мектепке

( қазіргі №8 орта мектеп) кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа ауысты. Зейнеткерлік жасқа дейін ол мектеп кітапханасында жұмыс істеді. Кітапханаға келген кез-келген мұғалім сабаққа қажетті ақпаратты міндетті түрде Вербицкая Л.Б. көмегімен таба алатынын білетін.

   2014 жылы №5 "Алтын бесік" балабақшасы ашылған кезде Людмила Борисовна музыкалық жетекші лауазымына шақырылды. Оның тәлімгер, педагог-маман ретіндегі көмегі жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекеме педагогтарының жас ұжымына өте қажет болды. Ол музыка жетекшісінің қызметіне үлкен құлпынышпен кірісті.

  Қазір Людмила Борисовна 72 жаста. Бірақ ол өзінің рухани жылуын, өмірге деген сүйіспеншілігін, адамдармен қарым-қатынас жасау қуанышын жоғалтпады. Жүрегі кең, мейірімі мол  адамның көзінде ғана жарқырайтын жарықты  Людмила Борисовнаның жүзінен байқай аласыз.

 

Просмотров: 125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст