Текст
Логопедтік «Балапан» тобында «Буындарда және сөздерде Ш дыбысын дыбыстау» тақырыбында топтық оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметі ойын технологиясы бойынша құрылды. Балалар Ш дыбысы бар буындар мен сөздерді қолдана отырып, сондай ақ логопедтік ойындардың көмегімен Ш дыбысын құлақпен есту арқылы анықтады. «Бұлтты үрлеу» тыныс алу гимнастикасы оқу қызметінің тақырыбына сәйкес болды. Оқу қызметі барысында балалардың қызығушылықтарының артуы, оқу қызметінің динамикасына ықпал етті.
Барлық тапсырмалар бірнеше анализаторларға сүйене отырып таңдалды және жоғары психикалық функциялардың дамуына ықпал етті (назар, қабылдау, есте сақтау, ойлау). Балалар оң эмоционалды көңіл-күй танытып және мақсаттарына жетті деп айтуға болады.