Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және қорғау – әрбір мектепке дейінгі ұйымның басым міндеті.
Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің алдында балалардың салауатты өмір салты туралы қарапайым идеяларын қалыптастыру, пайдалы әдеттерге тәрбиелеу және денсаулықты алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылатын маңызды міндеттердің бірі.
8 қарашада бөбекжайда тұз шахтасының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Атбасар ауданының кәсіподақ филиалының төрайымы Едрисова Роза Балгенженовна, әдіскер Семенча Инна Васильевна, ата-аналар қауымы және ұжым толығымен қатысты. Бөбекжайда тұз бөлмесі-бұл балаларға профилактикалық және сауықтыру процедураларын алуға тамаша мүмкіндік. Іс-шара қонақтары бұған өз көздерін жеткізді. Олар үшін бөбекжайымыздың педагогтары Балым Сериковна мен Нина Леонидовна шеберлік сабағын өткізді. Шақырылған қонақтар көптеген жағымды эмоциялар алып, тұз шахтасынның денсаулыққа берер пайдасын іс жүзінде көз жеткізді.