29.01., 5.02., 12.02., 19.02. Zoom платформасы арқылы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті, оған «Алтын бесік» бөбекжайының педагогтары, логопед-дефектологтар Смағұлова Жаңагүл, Дюбкина Марина, Байболова Баян, педагог-психолог Раисова Аймарал және логопедтік топтың тәрбиешісі Дубовик Светлана қатысты.
Семинарда Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев Марат Өмірбайұлы сөз сөйледі, оқыту семинарын өткізу мақсатымен таныстырып, инклюзивті білім беруді енгізу бойынша ұсыныстар берді.
Инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Марина Дударева тыңдаушыларды инклюзивті білім беру мәселелері бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.
Ғылыми – әдістемелік кабинет әдіскері Жанғали Ілияс мектеп жасына дейінгі балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктері туралы айтып берді.
ОӘК әдіскері Ольга Дмитриева-Лепешева «ББМДҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» баяндамасымен сөз сөйледі. Тірек балабақшалар өз ұйымдарында инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламаларын әзірледі. Қорытынды семинарда аталған бағдарламалар ұсынылып, қорғалды.
Смагулова Ж.Ж логопед-дефектолог,
Дюбкина М.Э логопед-дефектолог,
Корнилова А.А. ұйымдастырушы педагог.