Оқу қызметінің мақсаты: балалардың қонақжайлылық туралы түсініктерін қалыптастыру; қонақжайлылық дағдыларын дамыту, этикетті дұрыс ұстануға тәрбиелеу.
Оқу-қызметі қуаныш шеңберінен басталды, онда балалар бір-бірімен амандасып, «Қонақтарды қабылдаймыз» атты рөлдік ойынын ойнау арқылы, қонақтарды қалай дұрыс қабылдау керек екендігі жайлы білімдері кеңейді. Ойынның бірінші кезеңі «Қонаққа шақыру» жаттығуы болды. Балалар қажетті сөздерді таңдап, досын қонаққа шақыру тапсырмасы берілді. Ал «Қонақтарды тамақтандырайық» жаттығуы ойынның екінші кезеңі болып табылды, бұл жаттығу барысында балалар этикет пен дұрыс жүріс-тұру ережелерін бекітті. Балалар Д. Хармстың «Мен бал ұйымдастырғым келеді» атты тамаша өлеңін тыңдап, қонақтарды қалай қарсы алуға болатындығы туралы қорытынды жасады.
«Қонақтармен қоштасу» жаттығуы ойыны соңғы кезең болды, ол кезеңде балалар қонақжай үйиелеріне алғыс сөздерін айтты. Оқу-қызметі балалар үшін өте пайдалы болды: олар қонақтарды қалай қабылдауға және оларды қарсы алуға қуануға үйренді, сәлемдесу және ризашылық сөздерін сонымен қатар басқалармен достық қарым-қатынас дағдылары қалыптасты.