Текст
Балабақшадағы спорттық ойын-сауық мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту және спорттық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобында дене шынықтыру ойын-сауығы жоспары бойынша «Көңілді старттар» өтті. Қонаққа келген Қыс қонағымыз балаларға күш пен ептілікте бәсекеге түсуді ұсынды. «Досыңа балмұздақ бер», «Мұз үстіндегі өткел», «Қаршықтар», «Қаршықтарды жина», «Шапшаң шаналар» сияқты көңілді тапсырмаларды балалар ептілікпен, жылдам және шапшаң орындау дағдыларын көрсете білді. Ойын-сауық уақыты байқалмай және тез өтті. Балалар өздерінің ұйымшылдығын және ұжымда жұмыс істей алатындығын дәлелдеді.