«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ит жеті қазынаның бірі»

26.01.2021

 Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балалар бірте-бірте үлкен балшықтан ұсақ кесек балшықтарды үзіп алуды, түзу қимылмен шиыршықтауды, айналма қозғалыстар жасауды игереді. Олар кесектерді жаншуды, ішіне қарай басып енгізуді бейнелердің ұсақ бөліктері мен детальдарын созуды үйренеді. Оларды саусақтармен мүсіндеудің әр алуан тәсілдеріне, стекаларды пайдалануға баулиды, тұтас бөліктен және бөлшектер бойынша мүсін жасауға үйренеді. Мүсін жасау техникасы меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Логопедтік «Еркемай» тобында мүсіндеу ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.Оқу қызметінде «Ит жеті қазынаның бірі»тақырыбында балалар иттің қандай жануар екенін, немен қоректенетіні жайлы ақпарат алып, ермексаздан жануардың дене бөліктерін жасап, біріктіріп, ит бейнесін жасай алды. Жұмыс жасау барысында, балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін  көрсете білді.

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст