Оригами жасау өнері үлкенге де, кішіге де зор пайдасын тигізеді. Атап айтсақ, ол адамдардың ой-өрісінің дамуына, мидың оң жақ және сол жақ жартышарларының белсенді жұмыс жасауына оң ықпал етеді. Екіншіден, бұл жұмыс екі қолмен атқарылатындықтан, қимылдың тез әрі шапшаң болуына және бұлшық еттердің шымырлануына, моториканың дамуына үлкен септігін тигізеді. Өйткені, адамдардың тіл дамуы жіңішке қолдың дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, қолдағы ұсақ моторикалардың жақсы қызмет атқаруы аса маңызды. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің саусақтарының икемділігін арттырады.
«Шебер қолдар» вариативтік компонетінде ортаңғы«Тәй-тәй» тобында
«Күшік » тақырыбында балалар оригами-сәндік-қолданбалы өнердің бір түрімен танысты. Балалар жұмыс жасау кезеңінде қағазды қалай дұрыс пайдалануы керек туралы түсініктері қалыптасты. Шаршыны тең екіге және қиғашынан бүктеуге үйреніп, ой-қиялдары ,кеңістікте орналастыра білу дағдылары дамыды. Балалар берілген тапсырманы қызыға орындады.
Нуртазина А.Т.