Қазіргі уақытта баланың өміріндегі рөлдік ойын мәселесі ерекше өзекті.Рөлдік ойын-бұл әр түрлі сюжетті рөлдік жағдайларды,нақты бейнелерді ойнау ғана емес мектепке дейінгі жастағы балаларға бұл ойын өте маңызды болып табылады. Бұл ойындар балалардың танымдық түсініктерін, болашақ әлеуметтік туралы жалпы түсінік қалыптастырады,құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жұлдыз» ересектер тобының балалары «шай ішу» сюжетті-рөлдік ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойын балаларға үстелдегі мәдени мінез-құлық дағдыларын үйретіп ғана қоймай, баланың дұрыс сөйлеуі мен қиялын дамытады, бұл ойын арқылы серіктестерімен дұрыс диалог құра алады, құрдастарымен достық қарым-қатынасты нығайта біледі.
Иванова И.В.