«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Түсінуге және кешіруге үйренеміз»

12.01.2021

  Балабақшадағы рухани-адамгершілік тәрбиенің міндеттері балалардың әртүрлі іс-әрекеттерінде шешіледі. Мектепалды даярлық топтарында  өзін-өзі тану оқу қызметінде  міндеттерді шешу көзделген.

     Бүгін мектепалды даярлық  «Зерек бала» тобында «Түсінуге және кешіруге үйренеміз» тақырыбында өзін-өзі тану оқу қызметі өтті. Сабақ қуаныш шеңберінен басталды.

    Оқу қызметі қуаныш шеңберін өткізу  кезеңінен басталды.Қуаныш шеңберінде балалар бір-бірімен амандасып, күлкі сыйлады. Балаларға  А. Кузнецованың «Жанжал» тақырыпта  өлеңі ұстаздан үлкен сыйлық  болды.

 Балалар реніш сезімін қалай кешіруге болатындығы жайлы, татуласу үшін қандай әдістерді қолданатындығы туралы қуана айтты.

«Досыңды кешір» ойын жаттығуы балаларға мейірімді және жылы сөздермен кешірім сұрау жолдарына көмектесті. Махаббат Феясы  балаларға «Достық ағашы» атты сыйлығын жіберді. Достық ағашында балалар өз достарына арналған суреттерін орналастырды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дубовик С. А.

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст