Бүгін ата-аналармен таңғы кеңес өткіздім.

14.04.2026

Талқылаған маңызды тақырып — баланың сөйлеуін дамытуға және үй жағдайында тілін ашуға қалай көмектесуге болады.

Ата-аналарға қарапайым, бірақ тиімді ұсыныстармен бөлістім:
– баламен дұрыс сөйлесу жолдары;
– таңертең жасалатын жаттығулар;
– ата-аналар жиі жіберетін қателіктер.

Ата-аналардың үдеріске белсене қатысуы өте маңызды, себебі үйдегі күнделікті жұмыс ең жылдам нәтиже береді.

Сонымен қатар, күніне небәрі 5–10 минут жүйелі және ойын түрінде жүргізілген жұмыс баланың сөйлеуін едәуір жақсарта алатынын еске салдым.

 

 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст