«Біз – Қазақстан Республикасының балаларымыз!»
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесі қарсаңында «Болашақ» мектепалды даярлық тобында «Біз – Қазақстан Республикасының балаларымыз!» атты қызықты спорттық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды, адалдықты, жауапкершілікті, өз еліне және мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбиелік жұмыс жүргізілді.
Балалар спорттық эстафеталарға үлкен қызығушылықпен қатысып, ептілік, жылдамдық, батылдық және өзара көмек көрсете білді. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар белсенді қатысқаны, спорттық рухы және жеңіске деген ұмтылысы үшін мақтау қағаздарымен марапатталды





