«Алтын бесік» бөбекжайында кіші «Сәби» және «Ақбота» топтар балаларының бөбекжайға бейімделуі тұрақты жағдайда өтілуде. Балалардың әлеуметтенуі әрине бірінші отбасында және бөбекжайда басталады. Бөбекжайда таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез – құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала тез үйрену үшін балалармен күнделікті көңілді ойын жаттығулар жүргізіліп тұрады. Әр баланың көңілін тауып, оларға жеке көңіл аударған дұрыс. Балаларға бөбекжайда орналасқан сенсорика бөлмесі ұнайды. Онда балалар өздерін еркін сезініп, көңіл – күйлері көтеріледі. Сенсорика бөлмесінде балалармен дамыту ойындары және қолдың саусақ маторикасына арналған арнайы ойыншықтармен жаттығулар жасалынады. Сонымен қатар балалар су бұршақтарымен, түрлі - түсті жұмсақ шарлармен ойнап жақсы әсер алады. Бұл ойындар баланың көру қабілетін жақсартып, сипап сезу арқылы баланы тыныштандырады және тұрақты зейінін қалыптастырады.
Педагог-психолог: Раисова А.Ш.